Мәңгілік Ел – ұлтымыздың ұлы болашағы
2014 жылдың 3 желтоқсаны күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Семей қалалық Достық Үйінде «Мәңгілік Ел –ұлтымыздың ұлы болашағы» тақырыбында кен көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеде өткен тарихымыз Орхон-Енисей жазбалары, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен даму жолдары, Елбасының «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты жолдауы, Президент Назарбаевтың қызмет хроникасы, мерзімді басылымдар беттерінен мағлұматтар қойылды.