Жас мамандар еңбек нарығында: тренинг.
013 жылдың 4 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы технологиялық колледжін бітіруші түлектерге «Жас мамандар еңбек нарығында» атты тренингін өткізді.
Өткізілетін күні: 4 мамыр 2013 жыл. Өткізілетін орны: технологиялық колледжі. Қатысушылар саны: 37 адам. Іс-шараның мақсаты: колледж бітіруші түлектерге жұмысқа орналасуға көмек беру. Күтілетін нәтиже: Қазақстан Республикасының жастарының еңбекпен қамтылу мәселесіне қатысты білім деңгейін көтеру.
2013 жылдың 4 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы технологиялық колледжін бітіруші түлектерге «Жас мамандар еңбек нарығында» атты тренингін өткізді. Аталып өтілген тақырыптағы тренингтерді өткізудің өзектілігі, Президенттің жыл сайынғы халыққа арналған Жолдауында мемлекеттің әлеуметтік бағыт-бағдарларын құру және дамытуға басты көңіл бөлінуінде. Жастардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту және қолдау өте көкейкесті және Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады. Технологиялық колледжінің студенттері «Дипломмен ауылға», «Жұмыспен қамту-2020», «Жастар тәжірибесі», «Ауыл жастары», «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламаларымен танысты. Студентерге «Жастар тәжірибесі» жобасының жүзеге асырылуы және қол жеткізген жетістіктері жайында толықтай мағлұматтар берілді. Бұл жоба аса тәжірибелі мамандармен бәсекелеске тұра алатындай түлектердің алған мамандықтары бойынша алғашқы жұмыс тәжірибелерін жинақтауға қосымша шара ретінде бағытталған. Тәжірибенің қарастырған ең ұзақ мерізімі – алты ай. Жастар тәжірибесіне жоғары және орта мамандандырылған оқу орындарының түлектері жолданады.
Семей қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» жастар практикасы атты жобасына 75 пайыз қатысушылар тұрақты жұмыс орнына орналасады. Студенттерге «Жұмысқа дайын болу» атты тренинг-анкета ұсынылды, нәтижесінде 10% қатысушылардың психологиялық жағынан еңбек қызметіне дайын екенін көрсетті. Студенттер қалай тындайды және қалай ақпаратты ойларына сақтайды атты «Телефонограмма» ойын ойнатылды, нәтижесі көрсеткендей 1% ғана аудитория керек ақпаратты есіне сақтады. Қатысушыларға тәжірибелік жаттығулар ретінде түйіндемелерді толтыру жағдайларын өткізді. Тренинг соңында қазақ және орыс тілдерінде «Түйіндемені қалай дұрыс құрастыру» туралы материалдар таратылды. Іс–шараны өткізу барысында «Қалай жұмысқа орналасу» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды, онда кітаптармен мерзімді басылымдар қойылды. Әсіресе оқырмандарды Питер Аленның «Учимся торговать», Наполеон Хиллдің «Думай и богатей», Малколм Хорнбидің «Я могу сделать это!», Стюарт Ливайнның «Лидер в тебе», Нели Власованың «…и проснешься боссом» және т.б. кітаптары қатты қызықтырды. Мерзімді басылымдар беттеріндегі жарық көрген еңбек нарығындағы жастар туралы мақалалар қазіргі кездегі жастардың жұмыспен қамтылуы мен жұмыссыздығы жайын ашып көрсетеді.