Желтоқсан құрбандары – Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары: онлайн-диктант
2014 жылдың 12-желтоқсаны күні, сағат 15:00-де, бір мезгілде облыс қалалары мен аудандарында тұңғыш рет Шығыс Қазақстан облыстық А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында, қазақ тілінде ашық диктант өткізілді.
Ашық диктанттың мақсаты -кезкелген адамның өзінің сауаттылығын тексеруіне мүмкіндік беру, сондай-ақ заманауи қоғамда сауаттылықтың маңыздылығын атап өту. Диктант модераторы: Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибелі ұстазы, қазақ тілі мұғалімі – Мұқатаева Гүлназ Қадырқызы болды.
Осы сауатты жазу мәдениетін дамытуға бағытталған білмі акциясына Семейдің облыстық Абай атындағы кітапханасынан 20 пайдаланушы қатысып, облыстық конкурсқа 8 қатысушының жазған диктанты жіберілді.