Ағылшын тілі: дәріс, практикалық сағат
Абай атындағы кітапханада 10 ақпан күні қаладағы орта білім беретін мектептердегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көмек ретінде ағылшын тілі курсы басталды.
Бұл жолғы курс № 47 орта мектептің оқушылары үшін арнайы түрде ашылды. Курсқа келуші оқушылар кітапхана ережесімен таныса отырып, ағылшын тілінде білім деңгейлерін жоғарылатуға мүмкіндік алады. Курсқа қатысушы оқушыларға бастапқы деңгейден бастап білім беріледі. Білім беру аптасына уш реттен, бір жарым сағаттан. Бұнда тек қана ағылшын тілін үйретіп қана қоймай, оқушылардың үй тапсырмасына көмек беріледі. Келешекте бұл бастама қаланың барлық мектептерімен жолға қойылмақ.