Соғыстың қастерлі беттерінен: дәріс
2015 жылдың 13 ақпанында ҚР Ұлттық Гвардиясы 5511 әскери бөлімінің қызметкерлеріне арналған «Соғыстың қастерлі беттерінен» атты дәріс оқылды.
Дәріс осы жылдың атаулы күні – Ұлы Жеңістің 70- жылдығына орай ұйымдастырылды. Кітапхана қызметкерлері Ұлы Отан Соғысына қатысқан қазақстандық сарбаздар, Қазақстан және Семей өңірі аумағында құрылған әскери жасақтар туралы толық ақпарат баяндады. Атап айтқанда, екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақстандық ұшқыштар Т.Ж.Бигельдинов, Л. И. Беда, И. Ф. Павлов, С. Д. Луганский туралы қызықты әңгімелер айтылды. Сондай-ақ Ұлы Отан Соғысы тарихында батыр атанған Мәншүк Мәметова және Әлия Молдағұлова; Н. Абдиров, П. Теряев, М. Янко атты ұшқыштар; И. Бабина, С. Баймагамбетов, С. Искалиев, Ж. Молдагалиев және т.б. кеудесін оққа төсеген жауынгерлер туралы ақпарат берілді. Соғыс жылдарында тылда қызмет атқарған қазақ азаматтарына ерекше мән берілді. Дәріске 94 әскери қызметкер қатысты.