Өнер туралы толғаныс: сыр-сұхбат
Абай атындағы кітапханасының өнер бөлімінде 2015 жылдың 13 ақпан күні абайтанушы, сазгер, журналист Арғынбек Ахметжановпен сыр-сұхбат өткізілді.
Абай атамыздың музыкалық мұрасын зерттеп, әндеріне саз жазып, қырық жыл бойы қазақтың қолөнер шеберлігімен айналысып жүрген тума талант иесі Арғынбек ағамен сұхбат барысында «Шыңғыстау», «Абай ұрпақтарының үні», әндерінің шығу тарихы мен Абай өлеңдеріне жазған әндері жайында көптеген маңызды мағлұматтар айтылды. Әл-Фарабидің музыка теориясына сүйене отырып, жаңа саз аспабын жасап, жаңа музыка аспабына «әл-фар-а» деген атау бергені туралы айтып өтті. Сондай-ақ, Абай атамыздың 170 жылдық мерейтойына орай «Абай: Ән: Мұра» атты кітабын жазу жоспары жайында сұхбат берді. Жазылып алынған сыр-сұхбат кітапхананың қорына ұсынылды.