Қазақ кино өнерінің негізің салушы: шығармашылық сағат
Абай атындағы кітапхананың өнер бөлімі 17 ақпан күні Шәкен Аймановтың туған күніне орай «Қазақ кино өнерінің негізің салушы» атты шығармашылық сағат өткізді.
Кино өнері және Шәкен Айманов жайлы кітаптар мен тың мәліметтерді оқырмандар назарына ұсыну мақсатындағы ұйымдастырылған шара «Өнер өлкесінде» сазды қонақжай клубы аясында ұйымдастырылды. Еңбек жолын театр сахнасына бастаған Шәкен Айманов өмірінің соңына дейін қазақ кино өнері саласында өнімді еңбек еткен. Көп жылдар бойы «Қазақфильм» киностудиясында басшылық жасап, қазақ киносының өркендеуіне үлес қосқан актер, режиссер, сценарист комедия жанрында «Алдаркөсе», «Тақиялы періште», «Біздің сүйікті дәрігер» атты фильмдер түсірсе, детектив жанрында түсірілген «Атаманның ақыры» жоғары бағаға ие болғанын білеміз.
Осыған орай өнер иесінің әншілік және кино саласындағы өнерін дәріптеуде кеш қонақтарына актердің көзі тірісінде түсірілген 2 бөлімді деректі фильм назарға ұсынылды. М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері Шәкен Аймановтың шығармашылығынан үзінділер оқып іс-шара жалғасын тапты. Кеш соңында ««Кино өнерінің саңлағы» атты кітап көрмесіне шолу жасалып өтті.