Қазақ тіліндегі ашық диктант
Абай атындағы кітапханада 19 ақпан күні, сағат 15.00- де Қазақ хандығының 550 жылдығы, Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына арналып, ашық диктант өткізілді.
Диктант бір мезетте Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарында ұйымдастырылды, диктанттың мақсаты – кез келген адамның өзінің сауаттылығын тексеруіне, «қазақ» атауының шығу тарихы, қазақ хандығы тарихынан хабардар болуына мүмкіндік беру. Сонымен бірге, қазіргі қоғамның жаңа талабына сай сауатты болудың маңыздылығына назар аударту.
Диктант мәтініне ғалым, этнограф, саяхатшы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың «Қазақтар туралы» ғылыми еңбегінен үзінді таңдалды. Диктант жазуға кітапхана пайдаланушылары, атып айтсақ: «Авиценна», М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждерінің, Қазақ Гуманитарлық Инновациялық заң университетінің, Шәкәрім атындағы университеттің студенттері, кітапханашылар және № 47 мектептің оқушылары қатысты. Диктант жазушылар өз тарихын біле отырып, сауаттылығын да тексерді.