Ынтымақ, бірлік, келісім- ең басты байлық ел үшін: кітап көрмесі
11 наурыз күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері кітапхана пайдаланушыларына арнап, Наурыз мейрамы қарсаңында «Ынтымақ, бірлік, келісім- ең басты байлық ел үшін» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітап көрмесіне Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамына байланысты кітаптардан деректер, мерзімді басылым беттерінен мағлұматтар, мейрамды тойлау жайында сценарий, фото қойылған. Кітап көрмесінен Ерғали Серіктің қаламынан туған «Нау мен ырыс», қазақтың салт-дәстүріне байланысты бір топ кітап оқырман назарына ұсынылған. Молдабек Жанболатұлының «Наурызнама» кітабында Наурыз мерекесінің шежіресімен бірге өзінің табиғатына сай талап-рәсімдерді камтап наурыз мерекесін өткіземін деушілерге қажетті кейбір үлгілер қосылған. Ол ұлыстың ұлы күнін қарсы алудағы аңыз бойынша 18 мың ғаламның жан-жануарларының таласы, Қызыр түні, Қызыр бабаның келу салтанаты, наурыз күнгі сәлемдесу, аластау, құтаю рәсімдері теңдік, адалдық, имандылық, көктем мерекесі, еңбек тойы, мейірімділік, қайырымдылық, достық, ынтымақ мейрамы етіп өткізуге ерекше назар аударуды мақсат етеді.