Алаш арысы Райымжан Мәрсеков: ғылыми конференция
2013 жылдын 15 мамыры күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері және Шығыс Қазақстан Облысы Ұлан ауданының орталығы Қ.Қайсенов атындағы кентінің Р.Мәрсеков атындағы орта мектептің ұжымы ұйымдастырған «Алаш арысы Райымжан Мәрсеков» тақырыбына арналған ғылыми конференцияға қатысты.
Өткізілген уақыты:15 мамыр 2013 жыл. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының орталығы Қ.Қайсенов кентінде, Р.Мәрсеков атындағы орта мектептің акті залында. Қатысушылар: Өскемен қаласынан Жазушылар Одағының мүшесі Мәуітқазы Зүкенов, Ардагерлер алқасының төрағасы Қапан Cұлтанғазин, Өскемен қалалық А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің мұғалімі, ақын Бақытжан Райысова, Ішкі саясат бөлімінің қызметкері Тұрғанбаев Айтқұрман Ескенұлы, Семейдегі Абай атындағы мұражайдың «Алаш арыстары» филиалының қызметкері Ибрагимова Қ., Р.Мәрсековтың туыстарынан аудандық спорт комитетінің төрағасы Достық Нариманұлы және Семей қаласынан Кәкімжан Хаженұлы, Бұқаралық ақпарат өкілдерінен – «Ұлан үні» аудандық газетінің тілшісі, «Ұлан-ТВ» телеарнасы, мектеп ұжымы мен оқушылары. Қатысушылар саны- 110 адам. Шараның мақсаты: Егемендігімізді алғаннан кейінгі жылдардағы арамызға қайта оралған ірі мемлекет және қоғам қайраткері Алаш арысы Райымжан Мәрсековтың қоғамдық-саяси өмірі мен өмірбаянынан ақпарат бере отырып, өскелең жас ұрпақты отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
2013 жылдын 15 мамыры күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері және Шығыс Қазақстан Облысы Ұлан ауданының орталығы Қ.Қайсенов атындағы кентінің Р.Мәрсеков атындағы орта мектептің ұжымы ұйымдастырған «Алаш арысы Райымжан Мәрсеков» тақырыбына арналған ғылыми конференцияға қатысты. Р. Мәрсеков атындағы орта мектеп ұжымы аталмыш конференцияға байланыстырып, «Алаш арыстары» атты мұражайдың тұсаукесер рәсімін өткізді. Мұражайдың жетекшісі Сиезхан Дәулетханұлы қойылған жәдігерлермен жете таныстырды. Конференция мектептің оқушылары дайындаған Р.Мәрсековтың өмірінен шағын сахналық қойылым көрінісі мен патриоттық тақырыптағы хор және өлеңдер топтамасымен басталды.
Конференция барысында шақырылған қонақтар мен Шығыс Қазақстан Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері қатысушыларға алғаш қазақ автономиясын құрушы ірі қоғам қайраткері, Алаш үкіметінің белді басшыларының бірі, арысымыз Р.Мәрсековтың өміріне байланысты деректермен, қайраткерлік тұлғасы, ел тәуелсіздігі жолында күресі жайлы толық ақпарат берді. Сиезхан Дәулетханұлы өзі жазған Р.Мәрсеков туралы кітабының сүйінші данасымен көпшілікті таныстырыды.
Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері алаш арыстарын зерттеу барысында дайындаған республикалық мерзімді басылымдардағы авторлық жарияланымдарымен «География және табиғат» (2004, №3,4,5), «Абай» (2004, №1), таныстырып, ұжымның саяси-қуғын сүргін құрбандары, алаш арыстарына арнап өткізіп келе жатқан жұмыстарымен көпшілікті таныстырды. Конференцияға арнайы дайындалған «Алаш арыстарының асыл мұралары» атты «Алаш мұрасы», «Тарихи тұлғалар» серияларымен қазіргі заманда баспа көрген алаш қайраткерлерінің шығармалары мен олардың көзі тірісінде жария көрген сирек басылымдардан, Р.Мәрсеков жайлы мерзімді басылым беттерінен ұйымдастырылған кең көлемді әдебиеттер көрмесі мен шолу жасап, «Семей- құтты мекен» тақырыптық жоба аясында дайындаған «Алаш арыстары» тұлғаларына арналған дискінің тұсаукесерін өткізіп, шара соңында қатысушыларға викторина ойынын өткізіп, сыйға кітаптарын тарту етті.
Кітапхана дайындаған «Семей суретшілері», «Семей өңірінің тарихи тұлғалары», «Семей: кеше және бүгін», «Деятельность ссыльных революционеров в конце 19 начале 20 веков…», «Писатели Семипалатинского региона» сынды ақпараттық басылымдармен «Алаш арыстары» дискісін мұражайға сыйға тартты. Конференция күтілген болжамнан жоғары деңгейде өтіп, ұйымдастырушылардың ризашылық ықыласын алған Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Семей қаласында Р.Мәрсеков атындағы көшеде 28 мамыр күніне жоспарлаған шараға конференция қонақтарын шақырды.