Менің Президентім: оқушылардың шығарма жазудан байқауы
2015 жылдың 30-наурыз күні, сағат 10:00-да біздің кітапханада Семей қаласындағы №10, №32 мектеп оқушыларының арасында «Менің Президентім» атты шығарма жазудан байқау ұйымдастырылып өткізілді.
Жастар еліміздің болашағы болғандықтан әрдайым олардың пікірін ескеріп отырғанымыз абзал. Бүгінгі шығарма жазу байқауы, келешекке деген жас буын өкілдерінің көзқарасын білдіреді. Осы шараға аталмыш мектептерден жиыны 10 оқушы қатысып, шығарма жазудан өздерінің бақтарын сынады. Өз ойын жазба тілде нақты, терең мағыналы әрі көркем, тиянақты жеткізе білетін,- деп № 32 мектептің оқушысы Алпысбек Айдана, №10 мектептің оқушылары Лейс Анастасия, Воложаева Айгерім, Бекмұхамбетова Камилла, Муканова Мадина, Лаюрова Вероникалар танылып, алғыс хаттармен марапатталды.
Бәйге жеңімпаздарын құттықтап, алдағы асыл армандарыңа сәт -сапар тілейміз!