Кітап сыйлау Күні: Халықаралық кітап күніне байланысты акция
1995 жылы ЮНЕСКО ның Бас құрылтайында әлемдегі ұлы шығармалардың авторларын еске алу құрметіне «Дүниежүзі кітап күні» жарияланды. Дүниежүзілік кітап күнінің 23 сәуір күні тойлануына себеп болған, көптеген белгілі жазушылар (М.Сервантес, В.Шекспир, И.Вега, М.Дрюон және тағы басқалар) бұл күні дүниеге келіп, дүниеден озған.
Мереке Халықаралық Кітап баспа Ассоциациасының ынтасымен 1969 жылдан тойланып келеді. 1995 жылдың 16 қарашасында өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 28 сессиясында мереке туралы Қарар қабылданып, 23 сәуір «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күні» болып жарияланды.
Осыған байланысты кітапханамызда бірнеше мәдени шаралар өткізілу жоспарланып отыр. Оның бірі «Жаңа кітаптармен әлемді таны» диспуты мен «Оқу, даму және қолдау» ақпараттық сағаты.
Сонымен қатар осы шаралардың қатарында «Кітапты сыйға тарту куні» деп аталатын акция қоса өткізіледі. Кез келген үйде, отбасында, әулетте бұрында оқылып, ұмытылған кітаптар көптеп кездеседі. Бұл құбылыс кітапханаға да жат емес. Осы шарада «оқырман – кітапхана – оқырман» риясыз қозғалысына көз жеткізесіздер. Бұл шараға қаламыздағы көптеген оқу орындарының студенттері мен оқушылары шақырылып отыр. Жыл сайын олардың белсенділіктері арту үстінде.