Майдангер мейірбике: бейнежазба
2015 жылдың 28 сәуір күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне орай соғыс және еңбек ардагері Трухина Клавдия Петровна әжейдің естеліктерін бейнематериалға түсіріп қайтты.
Соғыс басталған кезде, алты айлық медбикелер курсын аяқтап, 1942 жылы Семей қалалық госпитальдың оңалту хирургиясы бөлімінде ота медбикесі қызметін атқарған. Клавдия Петровна ұрыс даласында, соғыс жүріп жатқан территорияларда отандастарымыздың ауыр жараларын таңып, өлім аузынан алып қалған талай қиыншылықтары туралы жеткізді. Өзі де ұрыс барысында ауыр жарақат алған. №380 госпитальда медбике болған, 1945 жылы мамырда Кенигсбергте соғысты аяқтаған.
ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Кенигсбергті алғаны үшін» медалімен және Белоруссия президентінің Алғыс хатымен, мерекелік медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін Семей қаласындағы жедел жәрдем емханасында зейнеткерлікке дейін еңбек етіп, бүгінде немере, шөбере, шөпшек сүйіп отырған бақытты әже.