Соғыс және еңбек ардагері – кітапхана оқырманы
2015 жылдың 9 мамырында Абай атындағы кітапхана қызметкерлері кітапханамыздың тұрақты оқырманы, Ұлы Отан соғысының ардагері Атамбай Оразбаевты және тыл ардагері Мәкен апаны Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтау үшін майдангердің үйіне барды.
Жеңіс жылдары жылжыған сайын кейбір ардагерлер салтанатты іс-шараға, жауынгер достарымен кездесуге мүмкіндігі болмай жататындықтан, кітапхана қызметкерлері олардың шаңырақтарына барып, сыйлықтарымен қоса, сүйіп оқитын кітаптарын, журналдарын табыстауды дәстүрге айналдырды. Қан майданда жүріп, Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп келген Атамбай атамыздың өмір жолдары қарапайым болса да, өнегелі істері кейінгі ұрпаққа патриоттық тәрбие берері сөзсіз. Кездесіп сұхбаттасу барысында құрметті ардагерлерге арнайы дайындалған сыйлықтар табысталып, гүл шоқтары ұсынылды.