Отбасымен бірге оқимыз: кітап көрмесі
2015 жылдың 14 мамырында Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Халықаралық отбасы күні қарсаңында «Отбасымен бірге оқимыз» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Жыл сайын бүкіл әлемде 15-ші мамырда Халықаралық отбасы күні атап өтіледі, бұл кез-келген мемлекеттің демографиялық саясатымен бірге әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты ықпал ететін қазіргі қоғамдағы негізгі іргетасы ретінде отбасының маңыздылығын көрсетеді. Көрмеге балаларға арналған түрлі-түсті, суретті кітаптармен қатар ересек адамдарға арналған қызықты әдебиеттер де қойылды. «Өсімдіктер әлемі», «Географиялық аймақтар», «Әлемнің қасиеттері жерлері», «Акулалар, дельфиндер және киттер» сияқты энциклопедиялар мен танымдық жинақтар оқырмандардың ерекше қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар кітапхана пайдаланушыларын психология мен медицинаға қатысты В.Синельниковтың «Формула жизни»; И.Г. Песталоццидің «Книга для матерей», Е.П.Сосоревтың «Все, что будущая мама хочет знать, но не знает, у кого спросить», Л.И. Петровтың «Ребенок группы риска: откуда берутся трудные дети» кітаптары қызықтырды.