«Оян, қазақ!»: бір кітаптың көрмесі
2015 жылдың 19 мамырында Абай атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері кітапхана пайдаланушыларына арнап, Міржақып Дулатұлының туғанына 130 жыл толуына орай, «Оян, қазақ!» кітабыың көрмесін ұйымдастырды.
Адамзат тарихында қилы-қиямет оқиғалармен, дүбірлі даму үрдісімен ерекше орын алған ХХ ғасырдың басы қашаннан еңбегі еш, тұзы сор қазақ халқы үшін де сындарлы кезең болғаны белгілі.
Осындай талма тұста, шешуші сәтте ұлт үшін қызмет көрсетудің үздік үлгісін көрсеткен алтын айдарлы арыстарымыздың қатарында Міржақып Дулатовтың есімі бұл күнде зор ілтипатпен аталады. Аса көрнекті ақын, жазушы, драматург, педагог, публицист, аудармашы М.Дулатов қазақ халқының арман-мүддесін терең түсіне біліп, қазақ қоғамына жаңадан өрістеп келе жатқан демократияшыл идеялардың жаршысы болды. Адамзатты ескіліктен, мешеуліктен, зорлық зомбылыктан, қанау мен езуден құтқаратын күшті құрал – оқу білім, өнер-ғылым, адал еңбек, әділдік пен адамгершілік мәселелерін көтерген «Оян, қазақ» жыр кітабы бірден қазақ елінің ұранына айналды. Кітап көрмесіне ақынның «Оян, қазақ» кітабы, Галев В.З. Ұлтты оятқан кітап: (Міржақып Дулатұлы және оның «Оян,қазақ!» кітабының ізімен) кітабы, сонымен қатар, мерзімді басылым беттерінен мақалалар, тың деректер, оқырман назарына ұсынылды.