Түрік-қазақ қалалары: Семей – көне түрік қаласы: ақпараттық-танымдық сағат
2015 жылдың 21 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, қазақ мемлекетінің көне қалаларының бірі – Семей тарихына байланысты «Түрік-қазақ қалалары: Семей – көне түрік қаласы»: атты ақпараттық- танымдық сағаты өткізілді.
Ерке Ертіс жағасындағы ежелгі Семей – ұлттың рухани ордасы, тарихи, шежірелі қала. Мұнда тарихи көрнекті ғимараттар, ескерткіштер өте көп. Олардың әрқайсысының қала тарихы туралы айтар сыры да берер мағлұматы да мол. Шараға қатысушылар “Ежелгі Семей – көне түрік қаласы» тақырыбы бойынша кітапхана қызметкерінің мазмұнды дәрісін ұйып тыңдады. Қала тарихына қатысты тың деректер, тарихи-мәдени ескерткіштер туралы ұсынылған ақпараттар слайд-шоу және деректі фильм көрсетілімімен толықтырылды. Шара соныңда қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ақпараттық-танымдық сағатымызды жандандыра түсті. Келешек ұрпақ жүзінен туған қаласына деген мақтаныш пен отансүйгіштік сезімдері білініп тұрды.