Дәстүрлі дін және ұлттық құндылықтар: дөңгелек үстел
20 мамырында кітапханада «Дәстүрлі дін және ұлттық құндылықтар» атты дөңгелек үстел өтті.
Бұл шараға Шәкәрім атындағы университеттің мұғалімі, философия ғылымының кандидаты, дінтанушы Ерзат Жетібаев; Самейдегі орталық мешіттің найып имамы Бекзат қажы; қалалық әкімшіліктің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Аясын Уали; қаладағы электротехника колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Айгүл Үйренбаева, қала оқу орындарының студенттері мен жұртшылық өкілдері қатысып отырды. Алдымен дәстүрлі дін дегеніміз не, ұлттық құндылықтар дегеніміз не деген мәселенің төңірегінде ғалым Е. Жетібаев пен Бекзат қажының пікірлері тыңдалып, ары қарай сұрақ-жауап түрінде өткізілді. Онда тіл, салт, әдет, дәстүр, ақиқат, әділет, мейірім, мұсылмандықтың тармақтары, тіпті Сириядағы соғысып жүрген қазақтар туралы да сөз қозғалды. Дөңгелек үстелді оның модераторы, осы кітапхананің қоғаммен байланыс бөлімінің менеджері Құсмілия Нұрқасым қортындылады. Ол өзінің сөзінде «Дәстүрлі дін дегеніміз – қазақ халқының ежелгі түрік заманынан бергі ұлттық дәстүрімен мұсылмандық діннің үйлесіп келіп, өмір салтымызға діни салтымызға айналуы, деді. Қазақстандағы дәстүрлі дін біздің мемлекеттігіміздің нығайуына, Қазақстан халқының береке бірлігіне, қазақ ұлтының болашағына қызмет етуі керек» деді. Соңынан деректі фильм көрсетілді.