Денсаулық шексіз: пікірталас
22 мамыр күні Абай атындағы кітапханада медицина қызметкерлері мерекесі күніне қарсы «Денсаулық шексіз» атты пікірталас ұйымдастырылды.
Мәдени шараға қаламыздағы «Семей», «Авиценны» медицина колледж студентері, сонымен қатар Семей медицина университетінің болашақ дәрігерлері (интерн) (Алипбаева Мадина, Зарипова Зарина, Селиверстова Александра, Курманова Жадыра) қатысты. Шақырылған қонақтар арасында
Нурашев Шурман Шарипов ұлы (хирург, пенсионер), Шокбатарова Кунгуль Андариевна, ағылшын тілінің ұстазы, биоэнергетик, Вадим Син (инемен емдеу маманы) және Индиядан келген медицина университетінің 1-ші курс студентері Гобинг Синх и Сунил Дуния болды.
Пікірталас барысында қазіргі медицинаның жағдайы, яғни батыс медицинасының рөлі туралы сөз болды. Мәдени шараға қатысушылар шығыс және ежелгі медицинаның тәжірибесін өмірде қолдану керектігіне тоқталды. Бүгінгі таңда медицина саласы өте жоғары деңгейде даму үстінде. Әр халық өзінің дәстүрлі дәрігерлігіне де ерекше мән беріп, оны әлемдік медицина ғылымымен ұштасыруға барын салып отырғандығын атап өтті.
Мәдени шараға қатысушыларға ұсынылған кітап көрмесіне төмендегідей кітаптар қойылды:
И.В. Давыдовский «Проблемы причинности в медицине», «Иридодиагностика», Н. Казинс «Анатомия болезни с точки зрения пациента», Н.А. Богоявленский «Индийская медицина в древнерусском врачевании», А.Курпатов «Психология сердца», Абу Али Ибн Сина «Канон врачебной науки» .