«Рәміздер – тәуелсіздік белгісі»: көрме-шолу
2015 жылдың 2 маусымында кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде «Рәміздер – тәуелсіздік белгісі» тақырыбында рәміздер күніне орай, көпшілік кітапхана пайдаланушыларына арнап, көрме –шолу ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: жастар мен жас өрендер арасында ұлттық нақыштарымыз – рәміздерді насихаттау. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы байланыстың жарқын бейнесі» деген еді. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Көрме –шолуға : Садуақасова М.Р. Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы// Бастауыш мектеп.-2014.-№1.-б.59; Тлеужанова Д. Ел рәміздер – ел рухы // Мектептегі мерекелер.-2015.-№4.-б.14-15; Мосвин В. Про солнце, золотого орла и крылатых коней // Экспресс К.-2011.-7 июня.-с.6; Мокина А. Истоки происхождения и история развития казахской государственной символики // История Казахстана: преподавание в школе.-2009.-№1.-с.34-36 және тағы басқа мерзімді басылым беттерінен мақалалар қойылды. Көрмеге шолу жүргізілді.