Қазақстан Республикасының Әнұраны. Ұжымдық орындау
2015 жылдың 4 маусымында Семей қаласындағы Абай атындағы кітапхана ұжымы қалалық акиматтың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, сағат он бірде барлық қазақ еліндегідей қазақстан Республикасының Әнұранын орындады.
Әнұран орындаушыларды қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Берік Көпбаев пен Абай атындағы кітапхана директорының міндетін атқарушы Гүлмира Аязбаева мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, оны жұртшылық арасында насихаттауға тілек білдірді.