Алаш ақиығы – Жұмағали Тілеулин: алаштану оқуы
4 маусым 2015 жылы кітапханадағы Абайдың рухани орталығында оқырмандарға ірі қоғам қайраткері, дәрігер, журналист, алаш арысы, қуғын-сүргін құрбаны Жұмағали Тілеулиннің туғанына 125 жыл толуына орай алаштану оқуы өтті.
«Алаш ақиығы Жұмағали Тілеулин» атты кітап көрмесіне кітапханамыздың сирек қорынан 1926 жылы Мәскеуде араб графикасымен қазақ тілінде жарық көрген «Жұқпалы науқастар, оларға қарсы қолданылатын шаралар» және орыс тілінен аударған Орынборда 1926 жылы жария көрген «Гигиена» еңбектері мен тұлға өміріне қатысты дереккөздер қойылды. Алаштану оқуында қатысушылар алаш арысы Ж. Тілеулиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпараттарға қанығып, тұлға жайлы слайдты тамашалады. Өнертанушы Құсмілия Жырғалыұлы болашақ дәрігер мамандығын меңгеруші студент жастарды алаш қозғалысы жайлы тартымды әңгімесімен, өз қаламынан туған ел тәуелсіздігіне жайлы толғауымен баурап алды. Шараға қатысушылар Алаш арыстарына арналған бөлмеден ұлт зиялыларының сирек басылымдар көрмелерімен танысты.