Табиғатты қорғау – өзімізді қорғау: кітап көрмесі
9 маусымда Абай атындағы әмбебап кітапхана мен “Семей орманы” мемлекеттік орман табиғи резерваты қызметкерлерінің бірлесуімен өткен табиғатты қорғау шарасы орталық саябақта өз деңгейінде өтіп салтанатты түрде аяқталды.
Ұйымдастырылған кең көлемді кітап көрмесіне қойылған әдебиеттер мен басылымдар табиғатты қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдалану тақырыптарына арналып, қатысушылардың қызығушылығына арналған мазмұнды ақпараттар ұсынылды.
Әсіресе, Шығыс Қазақстаннның әсем табиғи қорықтары туралы материалдар мен кітапхана құрастырған бетбелгілерге баса назар аударды. Кітапхана мамандары саябақ қонақтарын кітапханадан қажетті тақырыптарында кітап алып оқуға шақырды.