«Балалық шақ әуендері»: саз сағаты
10 маусым күні біздің кітапхана қызметкерлері қаладағы №5 жетім балаларға арналған көмекші мектеп-интернаттың қызметкерлері мен тәрбиеленушілеріне «Балалық шақ әуендері» атты саз сағатын өткізді. Іс-шараға осы мекемеде тәрбиеленіп білім алып жатқан 34 бала қатысты.
Балаларға «Электронды қазақ үй» арқылы жас талантты әншілердің орындауындағы бірнеше балалар әндері, тәрбиелік мәні бар ертегілер мен отаншылдық рухтағы әндер мен күйлер тыңдатылды.
Іс-шараның мақсаты, осы музыкалық құралға топтастырлған қазақ ертегілері, балалар әндері, бесік жырлары, Абайдың қара сөздерінің бала тәрбиесіндегі маңыздылығы мен қажеттілін ашып көрсету.
Мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері музыкалық құралды өз қалаулары бойынша қосып «Айгөйлек», «Мен әдепті баламын», «Ақ көгершін» әндері мен «Аяз би», «Жалқау мысық» т.б. ертегілерді тыңдап қызығушылық білдірді.
Саз сағаты барысында электронды қазақ үйдің құрылысы, пайдалану тәртібі, осы туынды жайында жазылған атақты адамдардың ыстық лебіздері және т.б. мәліметтерге слайд-шоу көрсетіліп, «Балдаурен балалық» атты ұйымдастырылған көрмеге қойылған кітаптар мен мерзімді басылымдарға шолу жасалды.
Осы ұйымдастырылған іс-шараның қортындысында мекеме қызметкерлерімен тәрбиеленуші балалар үлкен қызығушылық танытып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға ниет білдірді.