Жалпыұлттық құндылық-Ел бірлігі: ақпараттық сағат
2015 жылдың 17 шілдесінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебеп кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылғанына 20- жыл толуына орайластырылып, «Жалпыұлттық құндылық-Ел бірлігі» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
Шараға қатысушыларға Қазақстандағы басқа ұлт өкілдерінің жер аударылу себептері жайлы мәліметтер беріліп, Ел басының бастамасымен республикадағы ұлтаралық келісімді сақтау және оны одан әрі нығайту үшін республикада жаңа қоғамдық институт – Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қазақстан халқын ортақ мүддеге біріктіретін Ассамблеясының құрлғаны туралы және осы Ассамблеяның Қазақстанда тұрып жатқан әр түрлі этнос өкілдерінің татулық пен бірлікте тұрып жатқандығы әңгімеленді.
Ұлт жоспары «100 нақты қадамда», Президент Н.Назарбаев казақстандықтардың бірлігін нығайту керектігін атап көрсеткен. Осы орайда «Мәңгілік Ел», «Үлкен ел-үлкен жанұя» және тағы басқа да жобалар құрылатыны туралы ақпарат қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Ақпараттық сағатты «Хабар» телеарнасытүсірген «Бірлік» және «Бір Халық – бір Ел – бір Тағдыр» бейнежазбалары толықтыра түсті. Сонымен қатар, қатысушылар назарына «Қазақстан – бейбітшілік пен жасампаздықтың символы» атты кітап көрмесі ұсынылып, қысқаша шолу жасалынды. Шара соныңда «Мен Қазақстандықпын» деген бейнеролик көрсетілді.