Абай:ашылмай келген қырлары: абайтанушы А. Омаровпен әңгіме-сұхбат
2015 жылдың 10 тамызында Абай атындағы кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №5511 әскери бөлімінде техника және философия ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Асан Омаровпен «Абай: ашылмай келген қырлары» атты кітабы жайында әңгіме-сұхбат болып өтті.
Шара барысында кіатпханашы автордың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, автордың биылғы жылы шыққан жаңа кітабы «Абай: ашылмай келген қырлары» кітабы жайында қысқаша тоқталып өтті. Автордың бұл кітабы М. Әуезов зерттеулеріне негізделген бұрын белгісіз болып келген естеліктер, архивтік деректер, қызықты фактілердің молдығымен құнды болып отыр. Абайдың ата-тегі, туған өлкесі жайында таныстырумен басталатын кітапта алдымен оның балалық шағы, бастауыш мектепте білім алуы, Ахмет Риза медресесінде оқыған жылдары жайлы айтылып, әрі қарайғы өсу, жетілу сатылары түгел қамтылады.
Ақын өмірбаяны, өскен ортасы шыққан тегі, Абай шығармашылығының ең жемісі мол, өнімді жылдарында қандай шығармалары жазылғаны жайында және ақынның үй университеті жайында кеңінен сөз қозғалды. Кездесу барысында сарбаздар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.