Конституция –тұрақтылықтың кепілі: экспресс-мінбе
2015 жылдың 27 тамызында Абай кітапханасы қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығы қарсаңында қарттар үйінде «Конституция – тұрақтылықтың кепілі» атты іс-шара ұйымдастырды.
Кітапханашылар қатысушыларды мереке күнімен құттықтай отырып, Ата Заңымыздың мемлекет дамуындағы рөлін атап өтті. Қазіргі қолданылып жүрген Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған. Конституцияның адам құқықтары мен бостандықтарына арналған нормалары басқа салалық заңнамалардың мазмұнына әсерін тигізуде. Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 20 жыл толып отыр.
Экспресс-мінбе аясында қарттар үйінің тұрғындары мемлекет тарихы туралы ақпарат алып, кітапхана қорындағы заң саласындағы басылымдармен танысты. Іс-шара тақырыптық слайд-көрсетіліммен жалғасын тапты.