Жунусова Айгуль: Конституция күніне орай марапат
2015 жылдың 25 тамыз күні Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Абай кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Жүнісова Айгүл Тұрсынханқызы «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталды. Салтанатты марапаттау рәсімі Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет сарайында болып өтті.
Мерекелік іс-шараға облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қайырсынов Руслан Қайырбекұлы, облыстағы кітапханалардың, мұрағат және мәдениет мекемелерінің директорлары қатысты. Облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қайырсынов Р.Қ. алғы сөзінде қатысушыларды Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығымен құттықтап, марапаттау рәсіміне көшті. Салтанатты іс-шара мерекелік фуршетпен жалғасын тапты.