Ана мен баланы әлеуметтік қорғау: дәріс
2015 жылының 4 қыркүйегінде Абай атындағы кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Отбасы күні мерекесі аясында «Ана мен баланы әлеуметтік қорғау» атты тақырыпта Семей қаласының көпсалалы колледж студенттеріне дәріс өткізілді.
2014 жылдың қыркүйек айынан аталып келе жатқан бұл маңызды мерекенің бүгінгі таңдағы өзектілігімен қатысушылар дәріс барысында танысып, көптеген пайдалы ақпараттар алу мүмкіншіліге ие болды. Қоғамда әдеп-инабат өлшемдерінің терең тамырланып, кең жайылуында отбасының маңызы орасан зор екендігі және жастардың болашақта отбасын құруларына басшылық етуде дәрістің ықпал етері сөзсіз. Ана мен баланы қолдаудың түрлі заңдылықтарымен, еліміздің татулығы мен бірлігінде отбасының ролі зор екендігі жайлы түрлі ақпараттармен танысқан шараға қатысушылар кітапхана қызметкерлеріне зор ризашылықтарын білдірді.
Шара соңында отбасы тақырыбына байланысты викториналық сұрақтар қойылып, студенттер өздерінің білімдерін көрсетті.