Кәмила-Мұхтар жұмбағы: кітап тұсаукесері
16 қыркүйек 2015 жылы Абай атындағы кітапханада Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер, мемлекет қоғам қайраткері, соғыс ардагері С.Тәбәрікұлының «Кәмила-Мұхтар жұмбағы» атты кітабының тұсаукесері өткізілді.
Бұл басылым Ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойы мен қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында Алматы қаласындағы «Орхон» баспасынан жарық көіп отыр. Мәдени шараға қаламыздың зиялы қауым өкілдері, жоғарғы және орта оқу орындарының студенттері қатысты. Кітабының тұсаукесер рәсімін адагер, қоғам қайраткері Х.Матаев пен Алматы қаласынан келген «Орхон» баспа үйінің директорының міндетін атқарушы Ж.Айдос кесіп, филармонияның әнщісі О.Парасат «Елге сәлем» әнін шырқады.
Мәдени шарада Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Көпбаев, жазушы, драматург, Халықаралық ақпарат академиясының академигі, жерлесіміз – М. Сәрсеке, абайтанушы, Жазушылар одағының мүшесі, ғалым, «Құрмет» орденінің иегері – Т. Ибрагимов, Абай ауданының құрметті азаматы Ж.Екібаевтар авторды құттықтап, Ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойы қарсаңында жарық көріп отырған кітаптың маңыздылығын атап өтті. Шәкәрім атындағы университетінің филология факультетінің деканы А.К.Кадыров «Кәмила-Мұхтар жұмбағы» еңбегінен баяндама жасаса, №12 мектеп қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі М.Иманақышова және «Дидар» газетінің тілшісі Р.Нығманбековалар өз пікірлерін ортаға салды. Кітап ұлы жазушы М.Әуезовтың өміріндегі махаббаты жайлы сыр шертеді. Тұсаукескр ұлыларды ұлықтау арқылы пайдаланушыларға рухани азық беріп, кітаптың құндылығын, мазмұндылығын сезінуде маңызды шара болды.