Сазды әуеннің саңлағы: танымдық сағат.
18 мамыр 2013 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы «Мәдени сенбілік» акциясы аясында композитор, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты – Жолан Дәстеновтің туылғанына 70 жыл толуына орай танымдық сағат ұйымдастырылып өткізді.Дастенова.
Өткізілген күні: 18 мамыр 2013 жыл. Өткізілген орны: Жолан Дәстенов көшесі. Қатысушылар: Дәстенов көшесінің тұрғындары, осы көшеде орналасқан Мұқан Төлебаев атындағы колледж студенттері. Қатысушылар саны: 25 адам. Шараның мақсаты: композитор Жолан Дәстеновтің туғанына 70 жыл толуына орай жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие бере отыра, оның өмірі мен шығармашылығын кеңінен әйгілеу, жастардың назарын оның еңбектеріне аудару. Күтілетін нәтиже: тұрғындар өздері тұратын көшенің тарихын біледі және композитордың кітапхана қорында бар әдебиеттердің алынып, оқылуына ықпал етіледі.
Биыл жерлесіміз, дарынды композитор, республикамыздың музыка мәдениетінің белсенді ұйымдастырушысы, Қазақстан композиторлар одағы басқармасының хатшысы, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты – Жолан Дәстенов 70 жасқа толды. Композитордың оркестр мен виолончельге арналған концерті, оркестр үшін жазылған екі концерті, бірнеше симфониялық поэмалары, «Абайды еске алу», дейтін фортепианолық трио әндері, хорлары, романстары т.б. бар. Композитор драмалық спектакльдерге де сөз жазған, ол «Тоқта Мерген» атты мюзиклдің және балаларға арнап жазылған «Қаңбақ шал» операсының авторы. 18 мамыр 2013 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы «Мәдени сенбілік» акциясы аясында композитор, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты – Жолан Дәстеновтің туылғанына 70 жыл толуына орай танымдық сағат ұйымдастырылып өткізді. Шараға Дәстенов көшесінің тұрғындары, Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледждің студент жастары қатысты. Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері Жолан Дәстеновтың өмрі мен шығармашылығы туралы екі тілде (қазақ, орыс) ақпарат берді. Сазгерді көзі көрген қаламгер, драматург, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Жұмабек Қамбаров, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, сазгер Мәуліт Рахымбаев ол кісінің аса дарынды, екі тілде қатар таза сөлейтінін, үлкенмен де, кішімен де сыйласа қадірлей білетін, ақкөңіл, сері мінезді жан екенін айтып, өз естеліктерімен бөлісті, шараға келушілер викториналық сұрақтарға жауап берді. Тұрғындар әліде Дәстенов аялдамасын автобус жүргізушілері Пугачев аялдамасы,- деп хабарлайды, осы келеңсіздікті жоюға көмектессеңіздер екен,- деп наразылықтарын білдірді. Мәдени шара соңында белсене қатысушы студенттер мен көше тұрғындары сыйлықтармен марапатталып, оларға буклеттер таратылды.