Салауатты өмір салты және өзін-өзі дамыту: еріктілер бастамасы
20 қазан күні Абай кітапханасы қабырғасында «Салауатты өмір салты және өзін-өзі дамыту» атты еріктілер бастамасының жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттайтын флэшмобқа дайындығы өткізілді.
Семей қ. Медицина университеті жанында пайда болған еріктілер тобы Майдан Досжанның басшылығымен жыл сайын «Темекіні кәмпитке ауыстыр», «АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қарсы күрес күні», «Жаңа жылдық мейірімділік аптасы» атты акциялар ұйымдастырып отырады. Биылғы жылы волонтерлық топ өздерінің бірінші мерейтойын атап өтпек. Волонтерлық топтың құрылғанына 5 жыл толуына және 1 желтоқсан – АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қарсы күрес күніне орай топ мүшелері арнайы флэшмоб дайындауда. Флэшмобқа дайындық жүргізу үшін біздің кітапхана белсенді түрде көмек көрсетуде. Еріктілер тобы мен кітапхананың одан арғы серіктестігі мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетумен жалғасын табады.