Еңбек алды ынтымақ: еңбек ардагерлерімен кездесу
Біздің кітапханада 21 қазан күні Елбасының «100 нақты қадам»-Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы Идеяларын Ілерілетуге, индустрияландырудың және «Қазақстан- 2050»Стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттау атты бағдарламалық тапсырмасы аясында, «Еңбек алды ынтымақ» атты еңбек ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.
Шараға әр салада еңбек еткен еңбек ардагерлері: ауыл шаруашылығында қызмет еткен – Ақылия Садуақасқызы, кітапхана ісінің үздігі – Сағила Жұмағалиқызы, ер азаматтардың мамандығы саналатын үлкен зәулім үйлерді салған кран жүргізуші – Таисия Ковбота, балмұздақ цехының маманы – Раиса Жильцова және Семей теміржолына еңбегі сіңген тепловоз машинисі – Николай Андриановтар қатысты. Еңбек ардагерлері өздерінің өмірі мен еңбек жолдары жайында болашақ маман иелері- жастарға қызықты да, тартымды мағлұматтар берді. Шараға «Заман» кәсіптік училищесі мен Семей М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжнің студенттері қатысып, еңбек ардагерлеріне сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды.
Болашақ кітапханашы – Тамаша Шерікбай кітапханашы мамандығы туралы арнау өлеңін оқып, Тұлпар Шерікбай «Қара жорға» биімен кеш қонақтарына өз өнерлерін тарту етті. Шараға арнайы ұйымдастырылған «Еңбек алды ынтымақ» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, слайд көрсетілді.