100 нақты қадам: аймақтық семинар
28 қазан күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Шығыс Қазақстан облыстық Пушкин атындағы кітапхананың ұйымдыстыруымен, Тарбағатай аудандық кітапханасында өткен «Мемлекет басшысының Ұлт жоспары- бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы» аясында өтеткен аймақтық кітапханашылар семинарына қатысып қайтты.
Семинарда Елбасының «100 нақты қадам» мақсатты бағдарламасын кітапханашылар шағын топтарға бөлініп талқылады. Абай атындағы кітапхананың қызметкерлері «Еліміздегі туризм саласын дамыту тұжырымдамасын жүзеге асырудағы кітапхананың ролі» және «Жастардың бос уақытын тиімді пайдаланудағы клубтар мен үйірмелердің қызметі» тақырыптарында өлкетану секциясын жүргізді. Семинар соңында көпшілік кітапханалардың өсу беталысы талқылынды.