Интернет негізі: тренинг
2015 жылдың 2-6 қараша аралығында кітапхана пайдаланушылары үшін «Интернет және электронды пошта» тегін оқыту тренингі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында өтті.
Тренинг өзінің білімдерін дамытуға ынталы адамдарға қысқа мерзімді оқытулар ұйымдастыру арқылы қолдау көрсету болып табылады. Оқу барысында қатысушы Калиева Ильназ Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, әріптестерімен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, Интернет желісінде білім алуы жайлы ақпаратты орналастыру, т.б. үйренді. Тренингтің құрылымы – электронды пошта, әлеуметтік жүйелер және Интернет арқылы сөйлесу, сұхбаттасу сияқты бөлімдерден тұрады. Қазіргі уақытта жаңа технологияларды білу өте қажет және пайдалы. Жаңа технологиялар бойынша ұйымдастырылған оқыту қатысушының көңілінен шықты, жұмысқа белсенділігін арттыруға мүмкіндік берді. Ағылшын тілінің жеке жаттықтырушысы Ильназ Калиева компьютерлік сауаттылық алып, Интернет арқылы іздеу, сөйлесу, сұхбаттасуды үйреніп, тренингтен күтілетін нәтижені орындады.