Абай музейін мерейтойымен құттықтаймыз!
2015 жылдың 13 қарашасында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейінің 75 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып әріптестерін құттықтап қайтты.
Абай мұраларын насихаттауда түрлі мәдени шаралар өткізуде және өлкетану қорын құнды деректермен толықтыруда мұражай мен кітапхана арасындағы шығармашылық байланыс бұдан кейін де жалғасын таба бермек. Біз музей қызметкерлерін осынау мерейлі мерекесімен құттықтай отырып, әлемді мойындатқан ұлы тұлғаларды көпшілікке танытуда шығармашылық ғылыми ізденістеріңізбен мол табыстарға жетуде абырой-беделдеріңіз арта берсін демекпіз.