Мейірімділіктің жолы – жарық күн
17 қарашада Абай кітапханасның қызметкерлері «Исток» ҚБ балалар мен жастар шығармашылық орталығының 15-жылдығына арналған мерейтойлық салтанатқа қатысып қайтты.
«Исток» ҚБ – кітапхананың әлеуметтік жобалар мен экологиялық іс-шаралар жұмысы бойынша серіктесі болып табылады. Қоғамдық бірлестікпен 2013 бастап бірлесіп мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоғамға бейімдеу бағытында бірқатар жұмыстар атқарып келеді. Кітапхананың ұйымдастыруымен құрылған «Кілт» авторлық әндер клубы мерейтой иелерін құттықтап, өздерінің музыкалық сәлемдерін жолдады. Клуб мүшелері Вадим Син, Андрей Гамбургтың орындауларымен, Олег Митяевтің «Изгиб гитары желтой» әні тыңдармандар көңілінен шықты. Бұл әннің мәтіні де жиналған қауымның көздеген мақсатымен бір жерден шыққандай болды. Мейірімділік әрдайым қоғамды жақсарту мақсатында түрлі саладағы адамдардың басын біріктіреді.