Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму: ұжымдық талқылау
2015 жылдың 3 желтоқсанында Абай атындағы кітапхана қызметкерлері ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.
Кітапханада Жолдауды ұжымдық талқылау жыл сайынғы дәстүрге айналған. Кітапханың директоры Г.Т.Жігітбаева Елбасының жаңа Жолдауы жаңа қатерлер мен тың мүмкіндіктер қатар өрбіген жаңа жаһандық нақты ахуалда дамудың басты бағыттарын айқындайтынын атап айтты. Кітапханашылар талқылау барысында Елбасымыз өзінің жолдауында атап өткен өзекті мәселелерді шешу үшін ат салысу қажеттігіне баса мән берді. Отырыс аясында жаңа әлеуметтік саясаттың бағыттары толық талқыланды. Елбасы Жолдауын халық арасында түсіндіру, насихаттау мақсатында кітапхана қызметкерлеріне ерекше жауапкершілік жүктелетінін Гүлнар Талғатқызы атап өтті. Г.Т. Нугуманова кітапхана қабырғасында Жолдауды насихаттайтын АНТ-ң жұмыс жоспарымен таныстырды. Оның айтуы бойынша, оқырмандарға арналған «Елбасы Жолдауы жылдан жылға» атты стенд орнатылып, «Елбасы Жолдауы: болашаққа көзқарас» атты кітап көрмелері безендіріліп, тоқсан сайын бюллетеньдер басып шығарылып, оқу орындарында ақпараттық-саяси сағаттар, экспресс-мінбелер ұйымдастырылмақ. Талқылау барысында ҚР Президентінің Жолдауы бойынша насихаттау тобының келер жылға негізгі міндеттері анықталды.