«Кілт» клубы «Ақ ниет» волонтерлар клубының мерекесінде
3 желтоқсанда Абай атындағы кітапхананың «Кілт» авторлық әндерді орындаушылардың клуб мүшелері Д. Қалматаев атындағы медициналық колледжінде ұйымдастырылған Волонтерлар күні мерекесіне қатысып қайтты.
Бұл мереке Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен жыл сайын 5 желтоқсанда өткізіледі. Бұл күні Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемнің және өз мемлекетінің дамуына өз еріктерімен үлес қосқан барлық адамдарды құттықтайды. Бұл күн тегін білім беру, қайырымдылық концерттер, адамдардың бір-біріне көрсете алатын қамқорлықтары, игі істер, мерекелік шараларды ұйымдастыру болып табылады. Д.Қалматаев атындағы медицина колледжінде психолог-волонтерлерден құралған «Ақ ниет» үйірмесінің құрылғанына 2 жыл болды, үйірме мүшелері қазіргі таңда ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Жасаған істері мен еңбектері үшін колледждің бірнеше студенттері үздік ұйымдастырушылар ретінде бағалы сыйлықтар мен арнайы мадақтама дипломмен марапатталды. Бұл үйірмеге жоғары білікті маман, педагог-психолог Мусатаева Рысбеке Кулянқызы басшылық етеді. Үйірме волонтерлерінің жеткен жетістіктерімен кітапхана мамандары арнайы құттықтады. «Ақ ниет» үйірме мүшелерінің арнайы жобалары мен жұмыс бағыттары кітапхана қызметіне жақын, ал осы үйірменің волонтерлері мен студенттері кітапханамыздың тұрақты оқырмандары. Кітапханамыздағы «Кілт» клубының музыканттары Тимур Аубакиров және Вадим Син арадағы құрылған серіктестікке ықылас білдіріп волонтерларға авторлық әндерден ән шашуларын тарту етті. Гитара – әр жастағы адамдардың ішкі жан дүниесінінің үйлесуіне, түсінісуіне жағдай жасайтын ерекше жалпы халықтық аспап. Аталған кездесу волонтерлық жұмысы сияқты қызыққа, әрі көңілге жағымды ақпараттарға толы болды.