Әлемдегі алғашқы фотосуретшілер: «Объектив» фотоклубының отырысы
2015 жылдың 8 желтоқсанында Абай атыңдағы кітапханада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Объектив» фотоклубының екінші тобына алғашқы отырыс ұйымдастырылды.
Кітапханадағы фотосурет үйірмесі 2 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Үйірменің бірінші жылы жемісті болды, нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың түсірген фотосуреттерінен шағын көрме ұйымдастырылып, клуб мүшесі Дима Лобуденко фотосурет салонына жұмысқа орналасты.
Фотосурет үйірмесінің екінші курсы 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналады. Алғашқы отырыста клуб мүшелері фотосурет саласында өздеріне қызықты жаңалықтар ашты. Мысалы, ең алғашқы фотосурет 1822 жылы жасалып, ол «Терезедегі көрініс» деп аталған болатын. Сол себепті клуб мүшелеріне алғашқы үй тапсырмасы өз үйлеріндегі терезелерден қарағандағы көріністі фотосуретке түсіру болды.
Отырыс барысында қатысушылар заманауи фотоаппараттардың қызметтерімен танысып, алғашқы фотосуреттерін түсірді. Шара соңында клуб мүшелеріне алғашқы атақты фотосуретшілер, Ұлы Отан соғысында, Ауған соғысында жасалған фотосуреттер, Эрнесто Че Гевара мен Эйнштейн бейнеленген атақты фотосуреттер қамтылған слайд көрсетілім ұсынылды.