Азамат және ғалымның тағдыры: кездесу
2016 жылдың 19 қаңтарында Абай атындағы кітапхана қызметкерлері № 20 мектеп кітапханасымен бірлесіп, 10-11 сынып оқушылары үшін абайтанудың білгірі, ғалым, ұстаз Қайым Мұхамедханұлының туғанына 100 жылдығына арналған «Азамат және ғалымның тағдыры» атты кездесу өткізілді.
Кітапханашылар белгілі абайтанушы, ғалым-текстолог Қайым Мұхамедхановтың кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық ұлағатты өмірбаянымен кеңінен таныстырды. Мектеп әкімшілігінің шақыруымен шараға ғалымның ұлы Қанағат Қайымұлы қатысып, әкесі жайында жүрек тебірентерлік сыр шертті, отбасылық тәрбие, дәстүрлер туралы естеліктерімен ой бөлісті.
Абай атындағы кітапхана сайты бойынша ғалымға арналған «Ғалым. Қайраткер. Тұлға» (www.semeylib.kz). виртуальды көрмесінен кең мазмұнды шолу ұсынылып, онда қойылған ғалымның өмірі мен шығармалышылығы туралы берілген басылымдардың толық мәтіні, естелік-бейнежазбалар, қолжазбалар мен суреттер оқушылардың қызығушылығын тудырды. Бірлесіп өткен кең көлемді шара оқушыларды елжандыққа, адами құндылықтарға тәрбиелейтін өнегелі кездесу болды.