Құрақ құрау өнердің сарқылмас қайнар көзі: шығармашылық сабақ
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының өнер бөлімінде 2016 жылы 19 қаңтар күні «Шебер қолдар» үйірмесі аясында «Құрақ құрау өнердің сарқылмас қайнар көзі» атты шығармашылық сабақ ұйымдастырылды.
Шара барысында үйірме жұмысының жетекшісі Сәрсенбина Ұлбар қатысушыларға үйірменің 2016 жылдың жұмыс жоспарларына тоқтала келіп, қолөнер шебері Сақан Сұлтанова үйірме мүшелеріне ұмыт болып бара жатқан қолөнер түрлерінің бірі – құрақ құрау өнеріне қызығушылығын арттыру, эскизді матаға сыздыру, эскиз бойынша матаны қию, құрақ қиындыларын біріктіру, құрақ құрауға деген ептілігін, икемділігін дамыту мақсатында дәріс беріп, құрақтың эскизін жасап, қатысушылармен бірге құрақ құрастырды. Мәдени шара соңында «Таңғажайып құрақ құрау әлемі» атты экспозициалық кітап көрмесіне шолу жасалып өтті.