Кітапханадағы жобалау жұмысы
3 ақпан күні Абай атындағы кітапханаға Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектебінің оқушылары келді. Гимназияда Касакбаева Жанагүл Раимханқызы басшылық ететін «Зерде» атты жоба жұмыс істейді.
Қазіргі кезде мектеп бағдарламасы өте күрделі болғандықтан және әрдайым жобалық жұмыспен айналысып, керекті ақпарат алып отыру үшін Абай атындағы кітапханаға кішкентай оқырмандар көптеп келеді.
Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға қажетті ақпарат жинауға бағыт-бағдар беріп отырады. Кітапхана қоры өте ауқымды: жалпы кітапхана қоры 357 301 мың, баспасөз басылымдары- 93 995 мың. Кітапханадағы сирек қор 4000 дана (1850 жылдан бері шыққан кітаптар мен 20 –шы жылдың ортасынан бергі шыққан мерзімді басылымдар). Бүгін оқушылар төмендегі тақырыптар бойынша жұмыс жасады:
– «Баба Түкті Шашты Әзіз тарихы»
– «Қазақ батырлар жырындағы тұлпарлар туралы»
– «Ә.Табылдының ысқақ өлеңдері»
– «Өтірік өлең-қызықты әлем»
Оқушылар электронды каталогпен жұмыс жасауды үйренді, тегін ғаламторға кіріп қажетті ақпараттарын алды. Кітапханада оқырмандар жұмыс жасағанда уақыттарын үнемдеп, тиімді жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған.