Болашаққа нық сеніммен: дөңгелек үстел
5 ақпан күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері №5511 әскери бөлімнің әскери қызметкерлері мен сарбаздарына «Болашаққа нық сеніммен» тақырыбында Елбасның жолдауы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Кітапханашылар өзіндік жаңалықтарымен, өзіндік идеяларымен еліміздің өсіп-өркендеуіне негіз болатын маңызды құжат- Жолдаудың дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бес бағыттары туралы, дағдарысқа қарсы негізгі стратагемасы туралы әскери азаматтарға ақпараттар берді.
Н.Ә.Назарбаевтың Жолаудағы «Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз» деген сөздері сарбаздардың патриоттық рухтарын көтеріп, елі үшін еңбек етулеріне, отанын қорғауға жігерлендірді.
Шара барысында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» тақырыбында слайд көрсетілім ұсынылып, «Ұлы далаға оралған ұлы рух» деректі фильмі көрсетілді.