Рухани құндылықтағы дін даналығы: сұхбат-тренинг
5 ақпан күні кітапхананың оқу залында «Рухани құндылықтағы дін даналығы» тақырыбында сұхбат-тренинг өткізілді.
Сұхбат-тренингке Д.Қалматаев атындағы медициналық колледжінің студенттері қатысты. Кітапханада аталған іс-шараны өткізуге мемлекеттің толерантылығын қалыптастыру мақсатында саяси билік қолдау көрсетуде. Қазақстан – көпұлтты мемлекет, соған орай халықтың діндерді қабылдауы әр алуан. Сондықтан жастарды әртүрлі діндерге деген діни көзқарастарын және толерантылыққа деген қарым-қатынастарын қалыптастыру өте маңызды.
Сұхбат барысында жастардың қазіргі кездегі дінге деген білімдерін, адамдардың рухани құндылықтарын бағалай білу жайында сұрақтар талқыланды. Сұхбат-тренинг барысында Абай творчествосынан « Қараңғы түнде тау қалқып», «Қара сөздері» және Семей өңірінің авторларының әндері пайдаланылды. Іс шараға дін тақырыбындағы кітап көрмесі қойылды және оқырмандар сирек қордан алынған 19 ғасырда пайдаланылған Құран, Талмуд, Библиямен танысты.