Ол, оқиғаны шынайы өмірден алды : әдеби талдау
5 ақпан күні Абай атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде бар жоғы қырық жыл ғана өмір кешсе де, оның алты жылын әдебиетке арнаған американдық танымал жазушы Джек Лондонның туғанына 140 жыл толуына орай бөлімнің «Диалог» әдеби қонақжай клубының мүшелерімен «Ол оқиғаны өмірден алды» атты әдеби талдаулық отырыс болып өтті.
Іс-шараға «Джек Лондон» атты фильммен танысудан басталып, жазушы өмірбаяны туралы қысқаша шолумен өз жалғасын тапты.
Аталмыш іс-шарада клуб мүшелері жазушының “Қасқырдың баласы”, “Оның әкесінің құдайы”, “Аяздың балалары” ,“Қар қызы” (1903) романына, “Ақ азу” повестіне, “Өмірге құштарлық”, “Үлкен үйдің қожасы” және т.б туындыларына шолулар жасай отырып, әр кейіпкер туралы өз ой-көзқарастарын білдірді.
Қаламгердің «Ақ азу» повесті – әлем әдебиетінің алыбы атанған, қазақтың мақтанышы М.Әуезовтің «Көксерегімен» ұқсастықтары әдебиетте айтылып жүргендігі жайында да сөз қозғалды.
Шара соңында келушілер назарына, Джек Лондонның шығармашылығына арналған «Американдық танымал жазушы» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге қорда бар түпнұсқадағы кітаптары және орыс, қазақ тілдеріне аударылған аудармалары қойылып, шолу жасалды.
Іс-шараға бөлімнің «Диалог» әдебиет салонының мүшелері, студенттер және кітапхана пайдаланушылары қатысты.