Жастар және сайлау: веб ашық хат
Біздің қоғамда қазіргі уақытта ең басты мақсат – жаһандық қауіп-қатерлерге қисынды жауап беру. Оның саяси жауабы – Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау. 2016 жылы мерзімнен ерте парламенттік сайлау өткізіледі.
Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын. Сондықтан олар қазір қоғамдағы барлық салаға атсалысып, тәуелсіздіктің тұғырлы болуы жолында аянбай еңбек етуі қажет. Бір-ақ сайлау барысына жастардың қатысу белсендігі шамалы. Сондықтан жастардың сайлау белсенділігін арттыруға өткізілетін шараларға арнап, Абай атындағы кітапханасы http://playcast.ru/view/9513965/8a9afee3645007bc4633041ad25d39c577ef42a4pl «Жастар және сайлау» атты веб ашық хат құрастырды. Қазіргі уақытта сайлау науқанына өзекті ақпаратсыз қатысу мүмкін емес. Медиаматериалдың мақсаты – жастардың әлеуметтік-саяси көзқарастарын қалыптасуға бағдар беретін және Қазақстандағы жалпы сайлаудың тарихы, парламенттік сайлау және сайлау науқанының ерекшеліктері туралы веб-сайттармен таныстыру. Ұсынылатын веб ашық хат оқытушылардың, тәрбиеленушілердің және кітапханашы мамандардың қажетті ақпараттарды кәсіби түрде ұсынуға және жастарға арналған көпшілік іс-шараларын дайындауға көмегін тигізеді деп сенеміз.