Алғыс айту және махаббат күні: концерт
2 наурыз күні Достық үйінде «Исток» қоғамдық бірлестігі мен Абай атындағы кітапхана қайырымдылық концерт ұйымдастырды. Бұл концерт мерекелер -1-наурыз Алғыс айту күні, 1 наурыз Қазақстан халықтар Ассамблеясы, Халықаралық Азаматтық қорғаныс күні және 8 наурызар Халықаралық әйелдер күніне тұспа-тұс келіп тұр.
Қатысушылар құтқарушыларға өмірімізді құтқарғандары үшін, аналарға өмір сыйлағандары үшін және көпұлтты Қазақстан халқы достық, бейбітшілік, келісімде өмір сүріп жатқандары үшін бір-біріне алғыс айтты. Дәл осы күні аталар мен әжелерді, мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен балаларды осы мемлекеттік мерекемен құттықтадық. Бұл концертке көптеген өнер адамдары мен ұжымдар атсалысты: «Возрождение» неміс қоғамы, «Ключ» авторлық әндер клубы, Қалматаев атындағы колледждің волонтерлар клубы. Музыкалық концерт әр түрлі жанрда өтті: классиканы би алмастырса, биден кейін авторлық және эстрадалық әндер шырқалып, өлеңдер оқылды.
Бұрыннан келе жатқан «Ретро» дуэты гитарамен музыкалық композиция орындап, Николай Никитин мен Олег Докенов классикалық әндер шырқады, ал Вячеслав Сабитов өзінің авторлық әнін орындады. Көрермендерді кішкентай орындаушылар Балуков Тимофей мен Воронкина Виктория да құттықтады.