«Жанды кітап» әңгіме-сұхбат
6 наурыз күні сағат 15.00-де Абай атындағы кітапхана ОФ «Казахстандағы жастардың ақпараттық қызметі» қоғамдық қорымен бірлесіп «Жанды кітап» шарасын өткізді.
Жиынның бір ерекшелігі – мұнда “Жанды кітап” ретінде мол тәжірибесі бар ерекше мамандық иелері және қызықты істермен айналысатын әуесқой азаматтар қатысты. Кездесуге келген ақын, заңгер, спортсмен, дәргер сияқты әртүрлі кәсіп иелері оқырмандарға өз қызметтерінің қыр-сырын әңгімелеп, тыңдаушыларды таңдандыра білді. Негізінен, бұл – халықаралық жаңаша жоба болып саналады. Ол тұңғыш рет 2000 жылы Данияда бастау алған. Содан бері дүниежүзінде 300-ден артық шара өткізіліпті. Кейбір елдерде білім ошақтарында дәстүрлі түрде ұйымдастырылады екен. Кітапханашылардың айтуынша, осылайша адамдардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға болады. Іс –шараға қатысушы «Жанды кітап» иелері Вагиз Есильканов (заңгер, құқық қорғаушы); Денис Тихомиров (спортсмен, WORKOUT 16KZ командасында); Людмила Дмитриевна Михайлова (қоғам қызметкері, ОО «Исток»); Вадим Сутормин (бард, авторлық әндерді орындаушы, дәрігер-психиатр). Іс-шараның мақсаты–тұрғындарды кітапханаға тарту, ізденуге баулу болып табылады. Әсіресе, жастардың қызығушылығын ояту қажет, жастарды кітап оқуға, түрлі өнерді игеруге шақыру. Іс-шараға Семейдегі «Хабар» агентігінің бөлімшесі ақпараттық қолдау көрсетті.