Алкоголь және есірткі: сенің жауың?
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 2013 жылы 27 наурыз күні «Алкоголь және есірткі: сенің жауың?» тақырыбында семинар-тренинг денсаулық сақтау орталығы, нарколог дәрігер және Медицина университеті студенттеріне біріктіріліп өткізілді.
Өткізілген күні: 27 наурыз 2013 жыл. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі. Қатысушылар: кітапхана пайдаланушылары. Мақсаты: Тыңдаушыларға алкоголь мен есірткінің алдын алу, жаман әдетерден сақтандыру. Күтілетін нәтиже: Салауатты өмір салтына байланысты кітапхана қорныдағы кітапарды өз қажеттіліктеріне жарату.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 2013 жылы 27 наурыз күні «Алкоголь және есірткі: сенің жауың?» тақырыбында семинар-тренинг денсаулық сақтау орталығы, нарколог дәрігер және Медицина университеті студенттеріне біріктіріліп өткізілді. Денсаулық – адамның ең қасиетті де, құнды қайталанбас асыл қазынасы. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, жөсөспірімдерді жаман әдеттерден сақтандыру қазіргі ғасырдың алдына қойған мақсаттарының бірі. Осы мақсатта «Денсаулық» секциясының аясында өткізілген «Алкоголь және есірткі» тренингтің жастарға берер тағылымы мол болмақ. Семинар-тренингте наркологиялық орталықтан келген дәрігер-нарколог Корнилов Александр Николаевич тыңдаушыларға есірткімен алкогольдің адам ағзасына зияны, оның алдын алу шарттары туралы өз ойын ортаға салса, денсаулықты сақтау орталығынан келген психолог-дәрігер Калиева Динара Айдаровна студенттермен рольдік ойындар ұйымдастырып, анкета таратылды. Семей Мемлекеттік Медицина Университетінің оқытушылары Кудайбергенова Жанна Мукановна, Искакбаева Шолпан Орынтаевна тренигте ұйымдастырлған ойындармен анкеталарды қорытындылап, өз бағаларын берді. Мәдени шарада слайд шоу, кофе-брейк ұсынылып, «Алкоголь и наркотики: добро или зло» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана қорындағы алкоголь мен есірткіге байланысты кітап және басылым беттеріне өзекті мәселеге байланысты жарияланған материалдар буклеттер қойылды. Кітап көрмесінен 14 кітап, 10 басылым студенттерге ұсынылды.